Көзіне жас алды. Алматыда көше тазалаушы «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды

1246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bgJVSqabttAhPpaMIRrulIa9VWO9mQ3JeI4IwyZe.webp

Республика күні қарсаңында көше тазалаушы Базарбай Әбілқазы елді ерекше әсерге бөледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Базарбай Әбілқазы Қытайдан тарихи отанына 20 жыл бұрын қоныс аударып, осы уақыт аралығында «Алматы Тазалық» мекемесінде үздіксіз еңбек етіп келеді. Марапатты оған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты түрде табыс етті.

«Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Мен Қытайда туып-өстім. Қазақстан тәуелсіз ел болғанда, осы жерге келіп, ең болмағанда бір көшесін сыпырып, еңбегім сіңсе деген арманым бар еді. Сол үмітім орындалды. Еңбегімді бағалаған Президентімізге шексіз алғыс айтамын», — деді Базарбай Әбілқазы толқып.

Желі қолданушылары оның қарапайым еңбегі мен шынайы сөздеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

Пікірлер