Пашинян құттықтау хатында Қазақстанға сапарын растады

1344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AHGdoLV16s74CxHb33E1yp9cXIOEqNvxfZ68amsP.webp

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құттықтау хатында Пашинян Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігін нығайтуға, саяси және азаматтық институттардың дамуына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуге бағытталған реформалардың маңызын атап өтті.

«Сіздің көреген саясатыңыз бен жүйелі қадамдарыңыздың арқасында Қазақстан аймақтық және жаһандық деңгейде маңызды рөл атқарып, халықаралық аренада зор құрметке ие болды», - деді ол.

Армения премьер-министрі екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қарым-қатынастардың дами түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, Пашинян алдағы уақытта жоспарланған Қазақстанға ресми сапары кезінде мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға ниетті екенін айтты.

«Сізге мықты денсаулық және достас Қазақстан халқы игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілеймін», - деп түйіндеді Никол Пашинян.

Айта кетсек, биыл тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, Армения премьер-министрінің Астанаға ресми сапарына дайындық басталғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер