Ресей соғысына барған қазақ Алматыда сотталды

1220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yXmpTXEGItcvD4EFFYFMmGMaGafobINBVZu8ErcO.webp

Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясы құрамында Украина мен Мали аумағында соғысқан қазақстандық Тимур Пралиев Алматыда 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Сот мәліметінше, Пралиев 2022 жылдың күзі мен 2023 жылдың басында Ресей тарапынан жалданып, Украинадағы қақтығысқа қатысқан. Ол байланысшы қызметін атқарып, Бахмут қаласын басып алу операцияларында болған.

БАҚ хабарлауынша, азаматқа Ресей тарапы бірнеше медаль тапсырған және азаматтық берді.

2024 жылы Пралиев «Вагнер» тобының мүшесі ретінде Африкадағы Мали елінде де әскери операцияларға қатысқан. Бұл Евгений Пригожиннің бүлігінен кейін, «Вагнер» жауынгерлерінің бір бөлігі Африкаға ауыстырылған кезеңге сәйкес келеді.

Сот Пралиевті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабы (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Тергеу барысында оның Ресей тарапынан жалпы 4,16 миллион рубль көлемінде ақша алғаны анықталған.

2024 жылдың қазан айында ол «Вагнер» қатарынан шыққаннан кейін Беларусь пен Ресейде ем қабылдап, кейін Мексикаға барған.

2025 жылдың 4 қаңтарында АҚШ шекарасында заңсыз өтуге тырысқан кезінде Пралиев ұсталып, депортацияланған. Оның жанынан Қазақстан және Ресей паспорттары, 4 мың доллар, 60 мың мексикалық песо және дрон табылған.

Қорғаушылар істі Ресейде қарауды сұрағанымен, сот Пралиевтің тек Қазақстан азаматы болғанын анықтап, бұл өтінішті қабылдамаған.

Пікірлер