Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымына бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді ұсынды

2354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ji9PjdqcFUzU8cTakaH05iEgTUAmMbDPKtgZPLzB.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бірлескен әскери оқу-жаттығуларын 2026 жылы республика аумағында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Саясаткер «әскери күш — тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың кепілі» екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміздің әскери, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы кең ынтымақтастығын ескере отырып, 2026 жылы Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді ұсынамыз», – деді ол.

Тамыз айында Әлиев Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесі іс жүзінде аяқталғанын, қол қойылған құжаттар Бакудің мүдделерін толық қамтамасыз ететінін мәлімдеген болатын. Саясаткердің айтуынша, бейбітшілік туралы келісімге параф қою Баку мен Ереван арасындағы қақтығысқа іс жүзінде нүкте қойды.

Бұған дейін Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің аяқталуға жақын екені және тараптардың бітім туралы келісімге қол қою кезеңіне жеткені хабарланған еді.

Пікірлер