Табиғатты қорғағаны үшін. Алтайлық белсенді террористер тізіміне енді

1120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nI48KFtLidfR1xRlaPKaEEkLj63IugRTG2kE8WWA.webp

Алтай Республикасында белгілі қоғамдық белсенді Аруна Арнаға сот шешімімен вокзалдар мен әуежайларға баруға, митингілер мен қоғамдық іс-шараларға қатысуға, интернет пен телефонды пайдалануға, сондай-ақ әлеуметтік желілерді жүргізуге  тыйым салынды. Бұл туралы «Голос Алтая» және «Голос России» ақпарат көздері жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін Арунаның туыстары оның бұлтартпау шарасын таңдау үшін сотқа жеткізілгенін кездейсоқ білгені хабарланған.

«Бұдан ешкім хабарсыз еді, біз ешқандай құжаттар ұсынған жоқпыз, адвокатқа да беріп үлгермедік», – дейді туыстары.

Аруна Арна — Ресейде тыйым салынған «Воля» партиясының жетекшісі Светлана Лада-Русьтың жақтасы. Ол Алтайдағы қорғалатын аймақтарға курорт салуға қарсы күресімен танымал. Әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін бірнеше рет айыппұл салынған, оның ішінде Путиннің сыңарлары мен Ресей қалаларын бомбалау жайлы жазбалары үшін де.

Ол Алтай Республикасында губернатор Андрей Турчактың командасы жүргізіп жатқан муниципалдық реформаларға қарсы наразылықтардың белсенді қатысушысы. Тамыз айының соңында Аруна террористер тізіміне енгізілген.

Оған дейін құқық қорғау орындары Арунаның үйіне тінту жүргізген.

Пікірлер