Сирия соты Башар Асадты сырттай қамауға алуға ордер шығарды

1104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/150916041519_bashar_al-assad_624x351_afp.jpg

Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты сырттай қамауға алу туралы ордер шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы SANA агенттігіне сілтеме жасап.

Дамаскідегі тергеу судьясы Тауфик әл-Алидің айтуынша, ордер 2011 жылы Дараа провинциясында болған оқиғаларға байланысты берілген. Асадқа қасақана кісі өлтіру, азаптау нәтижесінде адам өліміне әкелу және заңсыз бостандықтан айыру айыптары тағылып отыр.

Сот шешімі Интерпол арқылы ордерді таратуға және істі халықаралық деңгейде қарауға мүмкіндік береді.

Бұл шешім 2011 жылғы 23 қарашада Дараада орын алған жаппай наразылық кезінде қаза тапқандардың отбасылары берген шағым негізінде қабылданған. Ол кезде Асад билігіне қарсы басталған халық толқуы қауіпсіздік күштері тарапынан күшпен басып-жаншылған еді.

Дараадағы жағдай 2013 жылға дейін жалғасқан қақтығыстардың басы болып, Сириядағы зорлық-зомбылықтың кеңеюіне себеп болды. 

Еске сала кетейік, Башар Асад 2024 жылдың желтоқсанында биліктен шеттетіліп, кейін отбасымен бірге Ресейден саяси пана іздеген болатын.

Пікірлер