Министр 7 жыл бойы ауыспаған Ресей елшісін қабылдады

1311
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kD2iyLNaFkm9JFFvq8SQysQp0JYkGA20UXzdPKw8.jpg

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.  

«Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Дипломат Ермек Көшербаевты ҚР СІМ басшысы қызметіне тағайындалуымен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың құттықтауын жеткізді», – делінген хабарламада.

Кездесу барысында қазақстандық-ресейлік қатынастардың стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.

Әсіресе, Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне назар аударылып, оның екіжақты байланыстарды барлық салада нығайтудағы маңызы ерекше екені айтылды.

Сонымен қатар тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысында екі ел халықаралық аренада өзара іс-қимылды үйлестіруге және конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Айта кетейік, Алексей Бородавкин 2018 жылдан бері  Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып келеді.

Пікірлер