Байден: Украина өз аймақтарын қайтаруы тиіс, біз қарумен қамтамасыз етеміз

2114
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Ресей үкіметінің әрекетін алаяқтыққа санап, Украинаның заңды территорияларына қол салғанын сынға алды. Украинаның өз аймағына толық ие болуына көмек көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Америка Президенті Джо Байденнің бұл мәлімдемесі ақ үйдің сайтында жарияланды. 

Мәлімдемеде:

"Америка құрама штаттары Ресейдің Украина жерін аннексиялап алғанын таза алаяқтық әрекетке балайды. Ресей БҰҰ мен халықаралық шарттарды бұзды. Бейбіт ұлттардың шырқын кетірді" делінген.

Сонымен қатар, Джо Байден соғыс өртіне оранған аймақтарда Украина мүддесіне жақтасатынын, оның территориялық тұтастықтарын сақтауға, қорғауға жәрдемдесетінін жеткізді.

"Ресейдің бұл әрекеті, тіптен, заңсыз. АҚШ халықаралық заңнамаларға сай мойындалған Украинаның тұтас территориясына құрметпен қарайды. Сондықтан, бір ұрысқа қару жеткізуді жеделдетіп,  Украинаның қарушы күштері мен дипломатиялық ұстанымдарын нығайтуға ат салысамыз", - деді Президент.

 

Пікірлер