Құмар ойыны үшін. Маңғыстауда екі мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

716
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iuWX63Nfb32oYQ7NSCsETygeDTwQv3rrWdFqtSEG.webp

Маңғыстау облысында екі мемлекеттік қызметкер құмар ойынға әуестенгені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мәлімдеген.

Оның айтуынша, мемлекеттік өызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы тұрғындардың наразылығын тудырған.

Жұмағұловтың сөзінше, дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін этикалық нормалардың бұзылуы және мемлекеттік қызметкерлерге қойылған шектеулерді сақтау мәселелері талқыланған. Соның аясында құмар ойынға қатысқан екі мемлекеттік қызметкердің тәртібі әшкереленіп, олар теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған

Пікірлер