Астанада Назарбаевтар әулетіне қатысты сот ісі қарала бастады

1392
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында бүгін Назарбаевтар әулетінің есімі аталған іс қарала бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Істе талапкер ретінде Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті көрсетілген, ал жауапкер – Назарбаев Н. Б. Бұл марқұм Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін деген болжам бар. Дегенмен істің нақты мән-жайы жария етілмей, сот та, комитет те құпиялылыққа сілтеме жасаған.

Telegram-арналардың мәліметінше, биылғы 8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында аталған комитетті «инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті» деп қайта атауды ұсынған. Ол Бас прокуратураның заңсыз активтерді иелерінен қайтаруда атқарған жұмысына оң бағасын беріп, бұл бастаманы «ескі» және «жаңа» Қазақстан арасындағы текетірестің аяқталғанының белгісі деп түсінген сарапшылар да болды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Нұрбол Назарбаев 2011-2017 жылдары Алматы облыстық ІІД-де қызмет атқарған, басшының орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Ал 2017 жылы ол Prime Capital Holding инвестициялық қорын құрып, бақылау кеңесін басқарған.

Пікірлер