Кәрім Мәсімовтің қызы сотта жеңілді

1559
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Мәскеуде ҚР ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамила Кәрімнің бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновке қарсы қозғаған сот ісі аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Тамила шамамен 1 млрд рубльге бағаланған Серебряный Бордағы үй мен жер телімін даулаған еді.

Мәскеудің Мещан аудандық соты Дубайдағы Ресей елшілігінде Тамиланың өзі қол қойған, ортақ мүліктен үлес талап етпейтіні туралы келісімді негізгі дәлел ретінде заңды деп таныды. Осыған байланысты оның талаптары қанағаттандырылмады.

Қапенов аталған жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға сатып үлгерген.

Сот шешімі апелляциялық алқада да күшінде қалды.

Сонымен қатар, бұрынғы ерлі-зайыптылар БАӘ-де балалардың қамқорлығына байланысты да соттасып жатыр.

Қапеновке 2024 жылы «алаяқтық» және «бөтеннің мүлкін иемдену» айыптары бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

БАҚ мәліметінше, оның атына Мәскеу мен Подмосковьеде бірнеше қымбат жылжымайтын мүлік тіркелген.

Жақында БАӘ-де Қапенов ұсталды деген ақпарат пайда болды. Егер бұл дерек расталса, ол Мәсімовтің айналасындағы қашқындарға қатысты істердің ең резонансты оқиғаларының бірі болмақ.

Пікірлер