Ұлыбританияда Трамптың іс-сапарына қарсы шеру өтті

777
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X8vnXWPOfRRaqy5U6b3l1tLE5qFQjDGxMHSYdaJX.jpg

Лондонда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға мемлекеттік сапарына қарсылық білдіріп, шеруге шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Трампты корольдік әдет-ғұрыпқа сай салтанатты түрде қарсы алып жатқанда, қала тұрғындары орталықта «Трампқа мұнда орын жоқ» атты акция ұйымдастырылды.

Оған Amnesty International, әйелдер құқығын қорғау ұйымдары мен палестиналық белсенділер қолдау көрсетті.

Полицияның мәліметінше, маршқа шамамен 5 мың адам қатысқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1600-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылғаны хабарланды.

Сонымен қатар, Виндзор қамалына Трамптың аты-жөні жыныстық қылмыстары үшін сотталған Джеффри Эпштейнмен бірге бейнеленген суреттер проекцияланғаннан кейін төрт адам қамауға алынды.

YouGov жүргізген сауалнамаға сәйкес, британдықтардың 45%-ы Трампты шақыру шешімін дұрыс емес деп есептесе, 30%-ы қолдаған.

Бұл наразылық Трамптың 2018 және 2019 жылдардағы алдыңғы сапарлары кезінде өткен шерулерге ұқсас сипат алды.

Пікірлер