Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңадан сайланған премьер-министрдің жауапты жұмысына табыс, Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.