Петропавлдағы даудан соң. Акмальдың Павлодар мен Өскемендегі концерттері өтпейтін болды

1837
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0W0balifZ5G32C6dSiwxilcwLbwIrDzRCrv6m8d7.jpg

Ресейлік әнші Акмаль Ходжаниязовтың (Akmal) Павлодар мен Өскемен қалаларындағы концерттері өтпейтін болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

28 қазан күні Павлодардағы Естай атындағы Мәдениет сарайында екі концерт өтуі тиіс еді. Алайда сарай әкімшілігі коммуналдық ақаулардың туындағанын айтып, алдағы күндері ғимарат жабық болатынын мәлімдеді.

«Коммуналдық ақауларға байланысты Естай атындағы Мәдениет сарайы уақытша жұмыс істемейді. Ғимарат бірнеше күнге техникалық мәселелер толық жойылғанша жабылады. Жұмыс қайта басталғаны туралы қосымша айтылады»,—делінген хабарламада.

Сондай-ақ әншінің Өскемендегі концерті де тоқтатылды. Бұл туралы Akmal өз жанкүйерлеріне Instagram парақшасы арқылы хабарлаған.

Бұған дейін 25 қазанда Қостанайда да жарықтың болмауына байланысты концерттер тоқтатылған еді.

Айта кетейік, елімізде Акмальдың концерттері Петропавлда болған оқиғадан кейін жаппай тоқтатыла бастады. Концерт кезінде бір жанкүйер әншіге сары-көк түсті қаптамаға салынған алкоголь бөтелкесін сыйға тартқан еді.

«Мына пакеттi өртеп жіберіңдерші, түсі ұнамай тұр»,— деп пікір білдірді әнші.

Бұл сөз көпшіліктің ашуына тиіп, қазақстандықтар өнер иесінің концерттерін өткізбеуді талап еткен болатын.

 

 

Пікірлер