Мәжіліс депутаты тікелей эфирде анасын туған күнімен құттықтады

758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n3N2sMFGcrDwAyn0P7kPLUjfFmYaxQT7RXNHFjSB.jpg

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ардақ Назаров тікелей эфирді пайдаланып, 70 жасқа толған анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Негізгі бөлім аяқталған соң депутаттарға түрлі мемлекеттік орган басшыларына сауал қою мүмкіндігі берілген еді. Осы сәтті пайдаланып, Ардақ Назаров алдымен мәжіліс вице-спикері Дания Еспаевадан рұқсат сұрап, анасына жылы лебізін білдірді.

«Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің мейірімге толы жүрегіңіз бен жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын!» – деді депутат.

Ол сөзін аяқтағаннан кейін премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауалын жолдап, Қазақстан әскеріне қатысты бірнеше ұсынысын ортаға салды.

Пікірлер