Ауғанстандағы жер сілкінісі. Мәдени тыйым әйелдерді үйінді астында қалдырды

803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/parhmdgbLnCfXhemnRQc2T7pzFmgwLQ0EsozP6AH.webp

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін құтқарушылар әйелдерге назар аудармаған. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, елдегі мәдени норма бойынша әйелдерге бөгде ер адамдардың қол тигізуіне қатаң тыйым салынады. Сол себепті еріктілер мен құтқарушылар үйінді астынан ерлер мен ұл балаларды шығарып алған. Әйелдер мен жасөспірім қыздарға қауіп төнгенмен, оларға көмек кешіктірілген.

“Ешкім әйелдерге көмек ұсынбады, не қажет екенін сұрамады, тіпті оларға қарамады”, – деп жазды басылым.

Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Ауғанстанда магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Эпицентрі Желалабад қаласынан 41 шақырым солтүстік-шығыста болған.

Пікірлер