Ресей ғарышқа ядролық қаруы бар жерсерік ұшыра ма? Кремль пікір білдірді

293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cWa2kg5CJxv3q6krH8LDe88vbiAkDC9lgRVGeJ4W.jpg

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Германиялық БАҚ-та Ресейдің бортында ядролық қаруы бар жерсерікті ғарышқа ұшыруды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай хабарламаларды байыппен қабылдауға негіз жоқ, деп хабарлайды “Адырна”. .

«Бұл хабарламаларда болжамдар өте көп. Оның үстіне, ақпараттың кімнің мәлімдемесіне сүйеніп жарияланғаны белгісіз. Сондықтан мұндай хабарларға байыппен қараудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деді Песков.

Бұған дейін Германияның Süddeutsche Zeitung басылымы Ресей алдағы бірнеше апта ішінде бортында ядролық оқтұмсығы бар жерсерікті ғарышқа ұшыруы мүмкін екенін жазған. Басылымның мәліметінше, бұл ақпаратты Батыс елдерінің барлау қызметтері мен әскери ведомстволары, соның ішінде Германия Қарулы күштері мен Федералдық барлау қызметі (BND) таратқан. Сондай-ақ «Спутник-S» деп аталатын жерсерік ұшыруға дайын тұрғаны айтылған.

Айта кетейік, 1 қазанда Ресей президенті Владимир Путин ядролық қаруды қолдану қаупін «қабырғадағы мылтықпен» салыстырған болатын. Ол қазіргі жағдайда эскалация ұғымы санкциялық қысым мен әскери іс-қимылдарға қатысты жиі айтылатынын атап өтті.

Путиннің сөзінше, эскалация біржақты сипатта болмайды. Бір тараптың әрекетіне екінші тарап жауап беріп, нәтижесінде қақтығыс одан әрі шиеленісуі мүмкін.

Пікірлер