2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алымы қымбаттайды

1546
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/inbusiness.kz-a-sha-aiypp-l-960x500.jpeg?token=8598b926db479e8751831c3ac2b4d4c8

Қазақстан Үкіметі «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болып бекітіледі, бұл қазіргі 3 932 теңгеден 10%-ға артық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Осыған байланысты жүргізушілерге салынатын айыппұлдар, утиль алымы, автокөлікті тіркеу төлемдері мен сақтандыру құны қымбаттайды.

Мәселен, жылдамдықты 10–20 км/сағ асырған, қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе тоқтау ережесін бұзғандарға салынатын 5 АЕК айыппұл 21 625 теңгеге жетеді (қазір 19 660 теңге).

Бағдаршамның қызыл түсіне өткен немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орынға көлігін қойған жүргізуші 10 АЕК айыппұл төлейді, яғни 43 250 теңге.

Ал жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған немесе жол апаты орнынан кетіп қалған азаматтарға салынатын айыппұл 50 АЕК болады, бұл 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге өседі.

Утиль алымы да қымбаттайды. Базалық мөлшерлеме 50 АЕК болып, 216 250 теңгені құрайды. Осыған сәйкес қозғалтқыш көлемі 1000 текше см-ге дейінгі жеңіл автомобильді елге кіргізу үшін 324 375 теңге, 1001–2000 см³ көлемді көлік үшін 756 875 теңге, 2001–3000 см³ қозғалтқышы бар машина үшін 1 081 250 теңге, ал 3 литрден жоғары автомобиль үшін 2 486 875 теңге төлеу керек болады.

Электромобиль әкелгендер утиль алымынан босатылады.

Сонымен қатар, автокөлікті тіркеу құны да өседі. Алғаш тіркеу кезінде ең төменгі төлем 983 теңгеден 1 081 теңгеге көтерілсе, шыққанына 3 жыл толмаған көлік үшін төлем 216 250 теңгені құрайды, ал 3 жылдан асқан көлікті алғаш тіркеу құны 1 966 000 теңгеден 2 162 500 теңгеге өседі.

Бұған қоса, сақтандыру полисінің бағасы да өзгереді, себебі оның мөлшері АЕК-пен есептеледі, ал базалық сақтандыру сыйақысы 1,9 АЕК болады. Қаржы нарығын реттеушілер жүргізушілердің сақтандыру класындағы коэффициентті қайта қарастыруды жоспарлап отыр, сондықтан полис бағасы алдағы жылы айтарлықтай өзгермек.

Пікірлер