Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан халқының шамамен 95 пайызы орыс тілінде сөйлейтінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның айтуынша, бұл – елдің артықшылығы.
– Қазақстанда, шамамен, халықтың 95 пайызы орыс тілінде сөйлейді. Біз мұны өзіміздің күшіміз деп санаймыз. Әрине, біздің басымдықтағы тіліміз – мемлекеттік тіл, қазақ тілі. Оның рөлі жыл сайын артып келеді. Бірақ сонымен бірге, елде барлығының орыс тілін білуі – біз үшін үлкен күш, бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады, – деді дипломат.
Абаевтың мәліметінше, Қазақстандағы 7 мың мектептің шамамен 3 мыңында білім беру орыс тілінде жүргізіледі. Бұған қоса, ол барлық мектепте орыс тілін оқыту міндетті екенін ерекше атап өтті.
– Орыс тілі – Қазақстан үшін бәсекеге қабілеттілік беретін тіл, – деді елші.