Өзбекстан президенті 500-ден аса сотталушыға рақымшылық жасады

1361
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zh1GGZzoZTz3E78MdFbXnnfmjSErE6VJZ2rwzAry.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев түрлі қылмыс жасағаны үшін сотталған 523 адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім ел тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай қабылданып отыр.

Жарлыққа сәйкес, шамамен 200 адам негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, қалғандарының жаза мерзімі жеңілдетіледі немесе қамауда ұстау жағдайлары өзгертіледі.

Рақымшылыққа іліккендердің арасында 45 әйел, 60 жастан асқан 31 адам және 30 жасқа дейінгі 200-ден астам адам бар, олардың біреуі — кәмелетке толмаған жасөспірім. Сондай-ақ тізімде тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған 15 адам және 8 шетелдік бар, олардың алтауы – Тәжікстан азаматтары.

Жарлықты орындау шеңберінде жауапты ведомстволарға рақымшылық алған адамдарды отбасына қайтару, олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу және жұмысқа орналастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Пікірлер