Шымкент қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.
Әбдешов биыл ақпанда басқарма басшысы болып келген. Антикор дерегінше, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған.
Экс-шенеунік қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ұқсас жаңалықтар
"Нағыз тәрбие" - Шымкенттік оқушы анасы түскі асқа деп берген ақшаға макарон алып, Түркияға жөнелтті