Газада Израиль соққысынан «Әл-Жәзира» арнасының бес қызметкері қаза тапты

951
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7B746qjQTJbxFoHuODJiCJRbupNXrsYb2CnaLpEs.jpg

Газа қаласындағы «Әш-Шифа» ауруханасының жанында Израиль соққысының салдарынан «Әл-Жәзира» телекомпаниясының журналисі Анас аш-Шәриф және телеарнаның тағы төрт қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) аш-Шәрифтің ХАМАС ұйымының жасырын тобын басқарғанын мәлімдеді.

«Әл-Жәзираның» хабарлауынша, тілшілер Анас аш-Шәриф пен Мұхаммед Крәйке, сондай-ақ операторлар Ибрахим Захер, Мұхаммед Нуфәл және Муаммян Алиуаға аурухананың бас қақпасы жанында орналасқан журналистерге арналған шатырда болған кезде соққы жасалған.

Телекомпания жексенбі күні болған бұл нысаналы кісі өлтірудің еркін баспасөзге жасалған тағы бір өрескел әрі әдейі бағытталған шабуыл екенін айтты. 

Соққыдан кейін көп ұзамай Израиль қорғаныс армиясы нысананың Анас аш-Шәриф болғанын растады және оның «ХАМАС-тың террористік тобын басқарғанын» алға тартты. Қалған қаза тапқан журналистер туралы ЦАХАЛ ештеңе айтпады.

Пікірлер