1968 жылы Израильде соңғы әскери парад өтіпті. Келесі жылы премьер-министр болған ГОЛЬДА МЕЙР парадқа кететін қаржының сметасын көріп, парад өткізуге тыйым салып:
-Әскери парадты өз үстемдігін көрсету үшін диктаторлар ғана өткізеді. Ал Израиль қарулы күштері онсыз да жоғары деңгейді үнемі көрсетіп отыруды қажет етпейді,- деген екен.
Сол уақыттан бері Израильде әскери шерулер өтпейді. Ал шағын ғана Израильдің 50 жылдан бері қалай соғыса, қалай қорғана алатынын бәріңіз көріп келесіздер. Біз секілді бірде ,,қаланың тойы", бірде ,,даланың тойы" деп шашылмайды.
Әй, ,,БІРІ КЕМ ДҮНИЕ" ай!
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан