Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Нұр-Сұлтан қалалық соты Мейірбековті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья.
Мұрат Мейірбеков жаза мерзімін "қауіптілігі жоғары" колонияда өтейді, сондай-ақ жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 5 мамырда Тбилисиде көпқабатты үйлердің ауласынан қазақстандық Әсел Айтбаеваның мәйіті табылған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы