Украинадағы соғыс. Тұтқындағы шетелдіктер арасында өзбекстандықтар бірінші орында тұр — БАҚ

1795
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sLPQUheqtUl6eWZruJoBwmORg7LZ26gazWNdhKm3.jpg

Украинадағы соғыс қимылдары барысында тұтқынға түскен шетел азаматтарының ішінде Өзбекстан азаматтары ең көп екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы украиндық «Хочу жить» жобасының деректеріне сүйене отырып, халықаралық БАҚ хабарлаған.

Аталған жоба тұтқындар мен дезертирлер туралы мәліметтерді жинаумен айналысады. Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың басынан бері кемінде 902 өзбекстандық азамат Ресей қарулы күштерімен келісімшартқа отырған. Жалпы алғанда, жобаның зерттеуі бойынша 1 100-ден астам өзбекстандықтың Ресей армиясы қатарында екені белгілі болған.

"100-ден астамы қаза тапты", - деп мәлімдеді жоба өкілдері.

Ресейде еңбек мигранты ретінде жүрген өзбекстандықтар жоғары жалақы, құрылыс немесе тыл бөлімдерінде жеңіл жұмыс және Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі сынды уәделермен әскерге тартылған.

«Хочу жить» жобасының деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Украинада тұтқында 33 мемлекеттің азаматтары бар. Солардың ішінде Өзбекстан азаматтарының саны ең көп.

Аталған ақпарат өзбек қоғамында үлкен резонанс тудырып отыр. 

Пікірлер