Қостанайда Ресейде шектелген РФ әскери-теңіз флоты күні аталып өткен. Әкімдік түсініктеме берді

4788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f2xky0wAAvMF7R2lrtmMKia5GWpT4nfp9T6vAdyG.jpg

Әлеуметтік желіде Қостанай қаласында Ресей әскери-теңіз флоты күніне орай өткен іс-шараның бейнежазбасы тарады. Шара қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайлайды «Адырна» тілшісі.

Экономист Меруерт Махмұтова Facebook желісінде жергілікті билікті сынға алды.

«Қостанай әлі күнге дейін КСРО-ның елесімен өмір сүріп жатқандай. Олар әскери-теңіз флоты күнін атап өтуде. Қай жерде отырғандарын ұмытқан ба? Оларға кім рұқсат еткен? Қостанайда шын мәнінде билік бар ма өзі? Бұл — шектен шығу»,–деді ол.

«Адырна» тілшісі оқиғаның мән-жайын білу үшін қала әкімдігіне хабарласты. Айтуларынша,  шараны «Қостанай облысының теңізшілері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған.

«27 шілдеде Қостанай қаласының жағалау аумағында «Қостанай облысының теңізшілері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әскери-теңіз флоты күніне орайластырылған мәдени іс-шара өткізді. Іс-шара қалалық әкімдікпен алдын ала келісілмей және белгіленген тәртіпте хабарлама берілмей ұйымдастырылған. Осыған байланысты ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты ұйыдастырушы тұлға әкімшілік жазаға тартылатын болады»,—деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әскери-теңіз күштерінің құрметіне арналған бұл мереке Ресейде жыл сайын шілде айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Алайда биыл әскери-теңіз флоты күніне арналған парад алғаш рет толықтай өткізілмейтін болды. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дмитрий Песков бұл шешімді қауіпсіздік мәселелерімен байланыстырды.

 

 

Пікірлер