Жамбыл облысында фельдшерді атып кеткен

1496
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NZY4LZ8JD0Tob3uAo4wR3nKLaNKtMfC1BkwlNnWx.jpg

Жамбыл облысында Байзақ ауданының жедел жәрдем фельдшері оқ жарақатын алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Centralmedia24 мәліметінше, оқиға 10 шілде күні болған. Байзақ ауылының 25 жастағы тұрғыны 27 жастағы фельдшер танысының жұмыс орнына келген. Ол фельдшерден дефибриллятордың қалай жұмыс істейтінін көрсетуді сұраған. Алайда фельдшер бұл құрылғыны қолдануға болмайтынын, оның қауіпті екенін түсіндірген. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, ауыл тұрғыны медициналық қызметкерге травматикалық қарудан оқ атқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жараланған адамның жағдайы тұрақты екенін жеткізді.

«Науқастың диагнозы – сол жақ кеуденің алдыңғы қабырғасына тиген оқ жарақаты. Ішкі ағзалары зақымданбаған. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Қазір пациент динамикалық бақылауда», — деді басқарманың баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

 

 

Пікірлер