6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті. Бұл оқиға дәстүр мен заманауилықты, дыбыс пен бейнені, жады меншабытты тоғыстырды. Ол қазақ халқының ұлттық мұрасына және рухани символына деген құрметтің көрінісі болды.
Мемлекет басшысы биыл елорда күні менҰлттық домбыра күні тұспа-тұс келгенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды: «Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақемес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаған. Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға дегенықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді тереңтүсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздыңмәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанғасүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы».
Ресми деректерге сәйкес, шараға 20 000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.Бұл — қазақстандықтардың өз тарихы мен мәденимұрасына деген шынайы құрметінің айғағы. Көпшілік қатысуы мен көрермендердің белсенділігішараның басты жетістіктерінің бірі болды.
Мерекенің негізгі назарын өзіне аударған — домбыра пішініндегі ерекше арт-инсталляция. Бұлжай ғана сәндік элемент емес, инсталляция ішінекірген қонақтар «Алтын қордан» алынған аңызғаайналған күйлерді естіп, ерекше дыбыстықатмосфераға енді. Жұмсақ жарық пен акустикаарқылы бабалардың үнін естігендей әсер қалдырды.
Іс-шара бағдарламасы келесі бағыттардықамтыды:
Мұндай форматтағы іс-шара Астанада алғаш рет өткізілді. Ежелгі дәстүрлер мен заманауитехнологиялардың тоғысуы — мәдени мұраныңсандық дәуірде де өміршең әрі өзекті бола алатынын көрсетті.
Шараны ұйымдастырған — Астана қаласының мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы. Бұл — мемлекет тарапынан қазақ мәдениетін сақтау мен дәріптеуге жасалған нақты қолдау.
Бұл мереке нағыз кешегі мен ертеңнің арасындағыкөпірге айналды. Дәстүрлі өнер мен заманауилықтың ұштасуы әрбір адамға өз түп-тамырымен қауышуға мүмкіндік берді.