Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20 000-нан астам қонақ жиналды

2604
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g3u0dUuz6RI5f4SUX7ChRmjSOwbHuHiziLjKbtlr.jpg

6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті. Бұл оқиға дәстүр мен заманауилықты, дыбыс пен бейнені, жады меншабытты тоғыстырды. Ол қазақ халқының ұлттық мұрасына және рухани символына деген құрметтің көрінісі болды.

Мемлекет басшысы биыл елорда күні менҰлттық домбыра күні тұспа-тұс келгенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды: «Домбыраұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақнағыз қазақемес, нағыз қазақдомбыра» деп бекер айтылмаған. Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға дегенықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді тереңтүсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұлөте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздыңмәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтаунағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанғасүйіспеншілікмемлекеттілігіміздің темірқазығы».

Ресми деректерге сәйкес, шараға 20 000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.Бұлқазақстандықтардың өз тарихы мен мәденимұрасына деген шынайы құрметінің айғағы. Көпшілік қатысуы мен көрермендердің белсенділігішараның басты жетістіктерінің бірі болды.

Мерекенің негізгі назарын өзіне аударғандомбыра пішініндегі ерекше арт-инсталляция. Бұлжай ғана сәндік элемент емес, инсталляция ішінекірген қонақтар «Алтын қордан» алынған аңызғаайналған күйлерді естіп, ерекше дыбыстықатмосфераға енді. Жұмсақ жарық пен акустикаарқылы бабалардың үнін естігендей әсер қалдырды.

Іс-шара бағдарламасы келесі бағыттардықамтыды:

Күйші мен серілер шеруі: Құрманғазы, ДинаНұрпейісова, Ақан сері сынды тұлғалардыңобразындағы әртістер көпір бойымен жүріп, қонақтармен тілдесті. Бұл шеру ұрпақтарарасындағы бейресми диалогқа айналды.
Домбыра шеберханасы: Балалар мен жасөспірімдердомбыра тартуды үйреніп, ғасырлар бойы ұрпақтанұрпаққа жеткен өнермен танысты.
Интерактивті аймақтар: «Күйді тап», домбыра-пазл жинау, викториналар мен музыкалық ойындарсынды белсенділіктер кез келген адамға шарағаатсалысуға мүмкіндік берді.
«Желмен жеткен үн» инсталляциясы: Күйлердіңатаулары мен күйшілердің есімдері жазылғанленталар ерекше көркем экспозицияны құрады.
Ұлы домбырашылар архиві (ЖИ арқылы):Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиевжәне басқа да тұлғалардың образдары жасандыинтеллект көмегімен LED экранда қайта жанданды. Бұлжаңа технологиялар арқылы тарихи мұранысақтау мен насихаттаудың нақты үлгісі.
«100 кітап» жобасы»: Домбыраға арналғанэлектронды кітап көрмесі.
Домбыра кино: Аспан астында, қазақ ауылыстилінде ұйымдастырылған киноаймақтакөрермендер қазақ музыкасына арналғанфильмдерді тамашалады.
Мерекелік концерт: Амфитеатр сахнасы күй менхалық әндеріне толып, ғасырлар бойғы музыкалықдәстүрді қайта тірілтті.

Мұндай форматтағы іс-шара Астанада алғаш рет өткізілді. Ежелгі дәстүрлер мен заманауитехнологиялардың тоғысуымәдени мұраныңсандық дәуірде де өміршең әрі өзекті бола алатынын көрсетті. 

Шараны ұйымдастырғанАстана қаласының мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы. Бұлмемлекет тарапынан қазақ мәдениетін сақтау мен дәріптеуге жасалған нақты қолдау.

Бұл мереке нағыз кешегі мен ертеңнің арасындағыкөпірге айналды. Дәстүрлі өнер мен заманауилықтың ұштасуы әрбір адамға өз түп-тамырымен қауышуға мүмкіндік берді.

Комментарии
Другие материалы