Атырау облысында суға батып кеткен аудан әкімінің мәйіті табылды

4847
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында суға батып кеткен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

 Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 31 шілде күні суға батып кеткен әкімнің денесі 1 тамыз кешкі 20.00-де оқиға орнынан 25 шақырым жерде Сарайшық ауылының шетінде Жайық жағасынан жергілікті тұрғындар тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Бүгін түнде Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі және барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – деп хабарлады әкімдік. 

Айта кетейік, Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Продукт, который восстанавливает суставы на 100: Это обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер