Қазақстанда аптап ыстықтың орнын жаңбыр басады

3449
Adyrna.kz Telegram

Синоптиктер Қазақстандағы 28, 29 және 30 шілдедегі ауа райы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна".

Қазгидромет Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдайдың қазірдің өзінде нашарлай бастағанын атап өтті.

"Бұған республика аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронт себеп болды. Фронтальды бөліктің біртіндеп жылжуы солтүстік жартысында, одан кейін шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Елде күн күркіреп, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Мұның бәрі солтүстікте термометр көрсеткіштерінің төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында аптап ыстықтың әлсіреуіне ықпал етеді.

Күндіз ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20...+30 °С-тан +15...+25 °С-қа дейін;
республика орталығында +25...+33 °С-тан +18...+27 °С-қа дейін;
шығыс аймақтарда аптап ыстық +25...+35 °С-тан +19...+29 °С-қа дейін төмендейді;
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +30...+39 °С-тан +25...+36 °С-қа дейін;
республиканың батыс облыстарында ауа температурасы +28...+35 °С шамасында болады.
Қазақстан қалаларының ауа райы болжамы картасын сілтеме бойынша көруге болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер