Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды

2597
Adyrna.kz Telegram

Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап соққан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әуезов ауданы полицейлері 37 жастағы С. есімді әйелді тұтқынға алды.

"Қылмыстық іс материалына сәйкес, күдікті "жақсы таныстары барын" айтып, адамдарға тендерлерге қатысуға, оны жеңіп алуға көмектесуге уәде берген. Қазір біздің бөлімшеде С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңге. Күдікті қазір қамауда отыр. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталады", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер