Қамауда жатқан Қайрат Боранбаевтың туған інісіне іздеу жарияланды

2088
Adyrna.kz Telegram

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың інісі, кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Мемлекеттік сатып алу сайтында Мұрат Боранбаевтың 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

«2022 жылғы 20 шілдедегі іздеу ісі Алматы облысында тіркелген. Бастамашы: ҚМА. Іздестіру жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (тел. 8 (727) 279-29-56)», -делінген  ведомство хабарламасында.

8 шілдеде Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігіквазимемлекеттік секторда  аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер