"Прокурордың әйелімін" деп күзетшіге бас салған әйел кешірім сұрады (ВИДЕО)

4905
Adyrna.kz Telegram

Өзін "прокурордың әйелімін" деп күзетшіге дөрекілік танытқан 38 жастағы Жайна Уразалина болған оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, көпшіліктен кешірім сұрады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Жайна Уразалинаның айтуынша, оқиға болған күні күндізгі сағат 14:00 шамасында ол балаларын спорт клубына әкелген. Балаларына дүкеннен сусын алу үшін көлігін мекеме алдындағы тұраққа қойған. Алайда клубтың артында орналасқан әкімшілік ғимараттан күзетші сыртқа шығып, дөрекі түрде көлікті тұрақтан алып тастасын деген.

"Мен оған "қазір дүкенге барып келейін, сосын көлікті алып тастаймын"дедім. Ол менің анама қатысты боқауыз сөзді айтып, балағаттады. Сөйтіп мен ол ғимаратқа кіріп, басшысын іздедім. Ол оның орнында жоқ екенін айтты. Содан кейін мен одан өзімнің, балаларымның алдында кешірім сұрауын талап еттім.  Ол таяғын алып, маған және балаларыма бас салды. Менің балаларым қорқып кетті, қызым жылады. Ол анамды, мені және балаларымды қорлап, намысымызға тиді», – дейді ол.

Әйел жанжал барысында күйеуін не үшін прокурор деп айтқанын түсіндіріп берді.

"Бірнеше қызметкерлер маған жабылғаннан кейін күйеуім прокурор деп ашуланғаннан айта салдым. Мекеме қызметкерлерінен кешірім сұрағым келеді. Кеше сот отырыс өтті. Маған әкімшілік жаза тағайындады. Мен өз кінәмді мойындадым. Дегенмен, мен сотта шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын айтып бердім. Ата-анамызға қатысты балағат сөздер айтуға ешкімнің құқығы жоқ", — деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер