Қайрат Құдайберген депутаттығынан айырылды

3899
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған Қайрат Құдайберген Алматы қалалық мәслихатының депутаты мандатынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бүгін Алматы қалалық мәслихатының құрамы өзгеріп, 11 депутат мандатын тапсырды:

  1. Қайрат Құдайберген;
  2. Ләззат Ибрагимова;
  3. Мұрат Әділханов;
  4. Есенгелді Талбидинов;
  5. Қали Сарсенбай;
  6. Арман Жүдебаев;
  7. Мұхтар Зулеев;
  8. Райхан Бөлекбаева;
  9. Әсел Құрманбек.
  10. Әлібек Шапенов;
  11. Ақбөпе Әбілқасымова.

Алматы қалалық мәслихатына жаңадан депутат болған 11 адамның тізімі:

  1. Кенжехан Матыжанов;
  2. Төлеуғали Тайтулеев;
  3. Сана Жандай;
  4. Бақытбек Жұмабаев;
  5. Артур Котенёв;
  6. Арайлым Шамова;
  7. Диана Ерлан;
  8. Бекбол Рамазан;
  9. Ерұлан Қарағұлов;
  10. Темірлан Сұлтанғалиев;
  11. Талғат Мұхамедқалиев.

Еске салсақ, сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні белгілі кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген айып тағылды.

Сол уақыттан бері қалалық мәслихат депутатын қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет сот қаулысымен Қайрат Құдайбергенді 21 шілдеге дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Жуырда кәсіпкер тергеу қапасында қандай жағдайда отырғанын айтқан еді.

“Түрмеге қарағанда тергеу изоляторында отыру әлдеқайда жаман. Сондықтан ол жерде заң бойынша 1 ай түрмедегі 1,5 аймен тең. ҰҚК тергеу изоляторында тек камерадағы адаммен сөйлесуге рұқсат. Екі адам 2х5 метрлік камерада отырмыз”, – деп жазады Қайрат Құдайберген.

Пікірлер