Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің V-ші отырысы өтті.
Айта кету керек, жастар кеңесі Қазақстан Республикасының АӨСШК-ке төрағалық еткен сәтінен бастап екінші рет өтуде. Өткен жылы пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта өткен еді.
Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Назарбаев Университетінің Вице-президенті Хадиша Даирова, Катар, Иордания, Израиль, Палестина, Өзбекстан, Иран, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Тайланд, Бангладеш, Ирак жастар қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты сондай-ақ БҰҰДБ, ТүркПА халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов АӨСШК құрудағы Қазақстанның тарихи және негізгі рөлін атай отырып, ұйымның құрылымдық институт болып табылатын Азиядағы сенімді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың негізгі мақсатына жәрдемдесетін АӨСШК Жастар кеңесінің табысты қызметіне назар аударды.
«Бүгін АӨСШК Жастар кеңесі Форумға мүше мемлекеттердің ұлттық жастар ұйымдары арасындағы өңірлік ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналды деп сеніммен айтуға болады», - деді вице-министр.
Пленарлық отырыс және панельдік пікірталастар барысында қатысушылар жастар және студенттер алмасу бағдарламалары, жастардың радикалдануына қарсы іс-қимыл, даму саласындағы ұлттық және өңірлік күн тәртібіндегі жастарды дамытудың басымдығы, жастар арасында суицидтің, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі шараларды талқылау сияқты өзекті тақырыптарды талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК-нің жастар ұйымдарымен диалог пен әріптестік қатынастарын жандандыруға, сондай-ақ жастар арасындағы радикализммен, суицидтің жоғары деңгейімен және есірткіге тәуелділікпен байланысты өзекті мәселелерді шешуге жастар қоғамдастықтарының қатысуын қолдауға келісті.
Жалпы, қатысушы делегаттар талқыланған мәселелер АӨСШК елдерінде жастар саясатын ілгерілету үшін өзара қызығушылық тудыратыны туралы бірауыздан келісті.
АӨСШК Жастар кеңесі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер қызметінің бағыттары шеңберінде оған кіретін жастар ұйымдарының, бірлестіктерінің, қозғалыстарының үйлестіру қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
АӨСШК шақыру туралы идеяны Қазақстан 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында бастамашылық етті. Бұл бастаманың қозғаушы күші Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді әрі қолайлы құрылым құруға ұмтылу болды.