Қастандық жасаған: Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

2520
Adyrna.kz Telegram

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ бүгін таңертең жасалған қастандықтан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласындағы қастандық кезінде алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Еске салайық, таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алған болатын.

Кейін билік Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасаған адамның кім екенін анықтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер