Ресей батыс елдеріне қарсы жауап берудің тағы "бір айласын" тапты, деп жазады Bloomberg сайты. Ол Қазақстаннан келетін мұнай ағынын бөгеп, қара алтын бағасының одан әрі өсуіне қолдан жол ашуы мүмкін, деп хабарлайды ИНОСМИ сайтына сілтеме жасап.
КТК құбыры арқылы айдауды тоқтату Ресейге ешқандай зиян әкелмейді. Ал Еуропа күніне миллион баррель мұнай жоғалтуы ықтимал.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаны қолдаған Еуропа елдеріне ықпал ету үшін Қазақстан мұнайын құрал етіп пайдаланбақшы.
Ресей мұнайына қарсы салынған санкциялар 5 желтоқсанда күшіне енеді. Қазіргі уақытта "Жетілік ұйым" мүшелері ресейлік мұнай экспортына шекті баға енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Сол себепті Путин алдын ала жауап дайындап отыр. Сейсенбі күні Каспий құбыр консорциумы Новороссийскідегі сот құжаттық экологиялық бұзушылықтар анықталғаннан кейін компанияның қызметін 30 тәулікке тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген.
Ресей бұл әрекетімен қазақ мұнай тасымалын тоқтатып, Мәскеу басқа елдерге жеткізуді жалғастыра алады.
КТК мұнайының үштен екісі Солтүстік Африка елінен экспортты екі есеге қысқартқан Ливиядағы тұрақсыздыққа байланысты жеткізу қиындығымен бетпе-бет келген Еуропа нарықтарына жіберілуі керек еді. Оның үстіне Ресей мұнайын бұрын сатып алғандар қазір одан бас тарта бастады.
”Адырна” ұлттық порталы