ОҢҒАР ҚАБДЕН: Қымбатшылық арқылы халықты қайта көтергілері келіп отыр

3081
Adyrna.kz Telegram

Дариғаның күйеуі зауытын мемлекет меншігіне беріпті. Құлыбаев Петросан компаниясын Үкіметке өткізіпті дегенді оқып мәссәған деп отырмын. Назарбаевтар Қазақстанды жекеменшік ИПға айналдырыпты ғой.

Майлы, сүбелі жердің бәрін отбасының ауылдасы, жиені, бөлесі, күйеубалалары бөлісіп алған. Прокурор, сот, КНБ, МВД бәрі солардың меншігіне өткен еді. Тоқаев әл әзір ол жағынан таза. Өткенде ғана президенттің туысы мемлекеттік қызметте отырмау керек деп еді. Арада көп өтпей елшілік қызметтегі күйеу баласы қызметтен кетті.

Енді мына қымбатшылықты еңсеріп берсе. Негізі, қоймаларда азық-түлік жағы жеткілікті дейді. Бірақ, ол неге нарыққа шығарылып, халыққа арзан бағада жетпей жатыр? Сол жағын тексеру керек секілді. Отыз жыл бойы халықты теспей сорып келгендер оңайшылықпен биліктен кеткісі келмейтіні түсінікті.

Қымбатшылық арқылы халықты қайта көтергілері келіп отыр ма? Сол жағын құзырлы орындар назарға алса. Қаңтар оқиғасының қайталануына халық та мүлделі емес. Геосаяси жағдай ушығып тұрғанда ел ішінің тыныштығы керек.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер