Мектеп бағдарламасына жаңа оқулықтар енгізіледі

3535
Adyrna.kz Telegram

Бауырлас елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар түркітілдес мемлекеттердің басшыларының саммитінде берілген тапсырма бойынша әзірленді.

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесі мектеп бағдарламасына "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті", "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бауырлас елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар түркітілдес мемлекеттердің басшыларының саммитінде берілген тапсырма бойынша әзірленді.

2021 жылы Ыстанбұлда өткен Ғылыми кеңестің 4-отырысында Түркия бастамасы бойынша сарапшылар кездесу өткізген болатын. Нәтижесінде олар "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының мәтіндерін мақұлдады.

"Түркі әлемінің географиясы" оқулығының мазмұны жалпы түркі әлемінің географиялық бейнесін қалыптастыруға, түркілердің географиялық түсініктері мен идеяларын зерделеуге, сондай-ақ тәуелсіз түркі елдерінің географиясын зерттеуге бағытталған. "Ортақ түркі әдебиеті" оқулығында оқушыларға ұлттық әдебиет тарихы негізінде ортақ түркі әдебиеті мен ортақ мәдени құндылықтар туралы жазылған.

Ғылыми кеңесте қабылданған қорытынды хаттамаға сәйкес тараптар ортақ оқулықтардың бағдарламалары мен мәтіндерін бекітеді, өз елдеріндегі орта білім беру мекемелерінде "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" пәндерінің енгізілуін қамтамасыз ету және оқушылар арасында оларды танымал ету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырмақ.

“Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер