Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-ға жетті

2875
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан 920 адам қаза тауып, 620-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 22 маусым күні таңертең болған.

Тербеліс магнитудасы 6,1 баллды құрады.

Апат салдарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалды.

Пікірлер