Атырауда шұңқыр қазып жатқан екі ер адам топырақтың астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға 18 маусым күні болған. Қалалық ПД-ның мәлімдеуінше, олар құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түскен.
«Маусымның 18-і күні «Жұлдыз» шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазып жатқан кезде су құбыры жарылған. 1989 және 1999 жылы туған екі ер адам қайтыс болды: оларды топырақ басып қалды»,– деді ведомство.