Ақтөбеде қоқыс шығаруға 95 млн теңге бөлінді

2979
Adyrna.kz Telegram
hand holding garbage black bag putting in to trash
hand holding garbage black bag putting in to trash

Ақтөбеде бей-берекетсіз төгілген қоқысты полигонға жеткізуге 95 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қала билігінің айтуынша, шаһар төңірегін зерделеп, әр жерде үйілген тұрмыстық қалдықты анықтау үшін ғарыштан бақылау жасалады. Осыдан екі жыл бұрын 417 орын анықталса, былтыр 230 үйінді болған. Құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаз сияқты көлемі үлкен қоқысты тұрғындардың өздері полигонға жеткізуге міндетті. Бірақ көп жағдайда бұл талап ескерілмей келеді.

«Космомониторинг арқылы құзырлы министрлік қоқыстың нақты көлемін анықтаған соң бюджеттен тиісті қаражат бөлуге сәті түсті. Биыл 95 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаражатты қаланың дамуына жұмсауға болар. Сондықтан бұл қолдан жасалған мәселе. Полицейлер заң бұзған адамдарды анықтап, жауапқа тартады. Біздің қолымызға да түседі. Бірақ айналада үйілген қоқысты екі жыл бойы шығарып келе жатқанымызбен мәселе шешілмей келеді»,– деді қала әкімі Асхат Шахаров.

Пікірлер