Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, далаға тастап кеткен әйел табылды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram каналында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол баланы өлі туғандықтан, далаға тастап кеткенін айтқан. Оның кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды», – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.Еске салайық, 19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтаған.
Ұқсас жаңалықтар
"Айыптаудың мәні де түсініксіз". Парашюті ашылмай қаза тапқан курсант ісі бойынша әскери сот басталды
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
