Энергетика министрі АЭС салынатын қауіпсіз жерді атады

2506
Adyrna.kz Telegram
Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv
Энергетика министрі Болат Ақшолақов арнайы брифингте Алматы облысы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көліне жақын жерден АЭС салу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде сейсмикалық қауіп бар. Бұл мәліметтер 2006 жылы алынған.

"Тіпті, тауы жоқ өңірлерді алалық, мысалы,  Батыс Қазақстанда техногендік сейсмикалық қауіп бар, өйткені мұнда мұнай мен газ өндірісі жүріп жатыр, сондай-ақ ол арада тектоникалық плиталар бар. Олардың қозғалып кету мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмайды. АЭС-тың орналасу орнын таңдау кезінде климат, судың болуы ескеріледі. Осының барлығын қорытындылай келе, біз болашақта атом электр станциясын орналасуына Балқаш көлінің ауданы неғұрлым оңтайлы болып табылады деп есептедік", — дейді Болат Ақшолақов.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер