Жалғас Жұмағұлов UFC-де америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды

4055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/cadb7e98-1593-4b58-af6b-c7f5fc2c40bb.jpeg
Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC-дегі жекпе-жегінде америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды. Ол UFC Vegas 56 турнирінде Джефф Молинамен (11-2) кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жекпе-жектің үш раунды да өтті. Төрешілер шешімімен Молина жеңіске жетті. 33 жастағы қазақстандық үшін бұл промоушендегі бес жекпе-жегіндегі төртінші жеңіліс. Жалғаста ММА-де барлығы 14 жеңіс және 7 жеңіліс.
24 жастағы Молина қатарынан оныншы және UFC-де үшінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Америкалық спортшы ММА-де 11 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер