Жағдайым нашарлады. Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

2450
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кеше теннисші Елена Рыбакина Roland Garros турнирін жалғастыра алмады. Осыған байлансты ол баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерге мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Спортшының айтуынша, денсаулығы нашарлаған көрінеді.

Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлады, температурам көтерілді. Таңертен жақсы боламын ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар, температурам басылмай тұр, – деді ол.

Теннисші басы ауырып, дене қызуы көтеріліп тұрған соң, кортқа шыға алмайтынын айтты.

Жаттықтырушылармен ақылдастым. Олар кортқа шықпай-ақ қой, тіпті шықпашы деп айтты. Соны ойлап, жарысты аяқтау керек дегене шешімге келдім, –  деді Рыбакина.

Еске салайық, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында  әлемнің 38-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнау керек еді.

Пікірлер