Тоқаев Алматыға келді

2608
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер