Миллиардер және Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс жаңа пандемия туралы болжам жасады. Бұл туралы ол El Diario басылымына берген сұқбатынды айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Әлемді коронавирустан да қауіпті апат күтіп тұр. Бұл – адам жасаған вирус, оны дамытатын және әдейі тарататын биотеррорист болуы мүмкін. Адам популяциясы өсіп келеді, ал біз экожүйелерді көбірек басып жатырмыз. Сондықтан мен алдағы жиырма жылда климаттың өзгеруі нәтижесінде табиғи түрде пайда болатын пандемияға ұшырау мүмкіндігіміз 50%-ға жетті деп санаймын»,— деді АҚШ кәсіпкері.
Айтуынша, мұндай сценарийдің алдын алу үшін коронавирустық пандемиядан сабақ алуымыз керек.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды 25%-ға ұлғайтып, эпидемияға қарсы халықаралық топ құру керек. Егер коронавирустық пандемия болмаса, маймыл шешегі туралы жаңалықтарда да болмас еді»,— деп түсіндірді Билл Гейтс.
«Адырна» ұлттық порталы