Айлығы – 24 млн. Ұлыбританияда арал басқарушысы қызметіне маман іздеп жатыр

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K4wiQJFrohi3OlZCobWD9W3TWYfmOB7eyV9jdGTe.avif

Ұлыбританиядағы Cornwall Wildlife Trust қайырымдылық ұйымы Корнуолл графтығындағы Лу аралының басқарушысы қызметіне үміткерлер қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы шетелдік БАҚ беттерінде жарияланды.

Мамандар қорық аумағындағы табиғатты қорғауға, қызметкерлер мен еріктілердің жұмысын үйлестіруге және келушілерді қабылдауды ұйымдастыруға жауапты болады.

Ұйым бұл қызметке бір адаммен қатар, міндеттерді өзара бөлісіп атқаратын екі үміткерді де қабылдауға дайын. Мәселен, ерлі-зайыптылар немесе достар бірге өтініш бере алады. Мұндай жағдайда жұмыс уақыты, міндеттері мен жалақысы жеке келісім бойынша белгіленеді.

Арал басқарушысының жылдық жалақысы 32 569–39 923 фунт стерлинг аралығында. Бұл шамамен 19,6–24 миллион теңгеге тең. Қызметкерге аралдан баспана беріледі. Онда жұбайымен немесе бірге тұратын серігімен тұруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар жұмыс беруші икемді жұмыс кестесін, жылына 25–30 күн ақылы демалысты, психологиялық қолдау бағдарламасын және зейнетақы жоспарын ұсынады.

Сұхбаттың алғашқы кезеңі 30 қараша басталатын аптада өтеді деп жоспарланған. Ал арал аумағындағы келесі кезең желтоқсан айының басында ұйымдастырылады. Дегенмен мерзімдер өзгеруі мүмкін. Ұйым лайықты үміткер тапқан жағдайда вакансияны мерзімінен бұрын жабуға құқылы.

 

Пікірлер